«Ақмола облысы білім басқармасының

Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының №2

жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне

Мемлекеттік тіл — болашақтың негізі: шағын орталықта ата-аналарға кеңес берілді

16.02.2026

Мемлекеттік тілді ерте жастан меңгеру баланың ой-өрісін кеңейтіп, оның тұлғалық дамуына жол ашады. «Жақсы ауылының № 2 жалпы білім беретін мектебі» КММ кеңес беру пунктінің жұмыс жоспарына сәйкес, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Бейсекова Эльвира Сиражовна шағын орталық ата-аналарына «Қазақ тілін үйренеміз» тақырыбында кеңес өткізді.

Кездесу барысында педагог мемлекеттік тілді ерте жастан танудың маңыздылығына тоқталды. Тіл үйрену тек сөйлеу дағдыларын дамытып қана қоймай, баланы халықтың бай мәдениетімен және салт-дәстүрімен таныстырудың басты құралы екені атап өтілді.

Кеңестің негізгі бағыттары:

  • Тіл үйрену арқылы баланың сөйлеу қабілеті мен есте сақтауын дамыту;

  • Қазақ халқының мәдени мұрасына құрмет сезімін қалыптастыру;

  • Үй жағдайында ойын түрінде тілдік ортаны құру бойынша практикалық ұсыныстар.

Эльвира Сиражовна ата-аналарға баламен бірге қысқа өлеңдер жаттау, танымдық мультфильмдер көру және күнделікті тұрмыста қарапайым сөз тіркестерін қолданудың тиімділігін түсіндірді.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети


«    Сәуір 2026    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

Ұйымдар тізімі
Текст