«Ақмола облысы білім басқармасының
Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының №2
жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Күз — бала ағзасына ерекше қолдау мен қорғаныс қажет болатын кезең. «Жақсы ауылының №2 жалпы білім беретін мектебі» КММ кеңес беру пунктінің жұмыс жоспарына сәйкес, шағын орталық тәрбиеленушілерінің ата-аналары үшін маңызды кездесу ұйымдастырылды.
Шағын орталықтың медбикесі Б.К. Сыздыкова «Күзде иммунитетті нығайтамыз» тақырыбында кеңес өткізді. Кездесу барысында ата-аналарға күзгі кезеңде балалардың денсаулығын сақтау және нығайту бойынша кешенді ұсыныстар берілді.
Маман баланың дұрыс тамақтануына, күн тәртібін сақтауға, шынықтыру шараларына және маусымдық аурулардың алдын алуға ерекше назар аударды. Ата-аналар баланың иммунитетін нығайтудың тиімді жолдарымен танысып, маманнан кәсіби кеңестер алды.