«Ақмола облысы білім басқармасының
Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының №2
жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
«Жақсы ауылының №2 жалпы білім беретін мектебі» КММ кеңес беру пунктінің жұмыс жоспарына сәйкес, шағын орталықтың медбикесі Сыздыкова Бакыт Казкеновна ата-аналарға «Отбасындағы рационалды тамақтану» тақырыбында кеңес берді.
Кездесу барысында маман ата-аналарды теңгерімді тамақтану принциптерімен, дұрыс рационның баланың өсуі мен дамуындағы маңызымен таныстырды. Бакыт Казкеновна «сауатты тәрелке» моделін мысалға келтіре отырып, күнделікті мәзірдің 50%-ы көкөністер мен жемістерден, 25%-ы ақуыздардан және 25%-ы дәнді дақылдардан тұруы керектігін түсіндірді.
Ата-аналар отбасында пайдалы тағамдық әдеттерді қалыптастыру бойынша құнды ұсыныстар алып, көкейкесті сауалдарына жауап алды.