«Ақмола облысы білім басқармасының
Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының №2
жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
02.02.2026
Жақсы ауылының №2 жалпы білім беретін мектебінде «Jas maman – 2026» жас педагогтар онкүндігінің салтанатты жабылуы өтті. 19-30 қаңтар аралығында өткен кәсіби шеберлік марафоны тәжірибе мен шығармашылық ізденістің нағыз мектебіне айналды.
Он күн бойы мектеп инновациялық ырғақта жұмыс істеді. Оқу кабинеттері ғылыми зертханалар мен ертегі әлемдеріне айналып, жас мамандар интерактивті әдістерді, зерттеу элементтерін және заманауи цифрлық технологияларды шебер қолданды.
Жас ұстаздар түрлі пәндерді ұштастыра отырып, сабақтарды қызықты саяхатқа айналдырды. Сонымен қатар, тәрбиелік шаралар аясында «Заң және тәртіп» құндылықтары негізінде оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған квест-ойындар жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
30 қаңтарда өткен салтанатты жабылу рәсімі жылы әрі шығармашылық атмосферада өтті. Мерекенің басты сәні — 9 жас педагогтың қатысуымен өткен шығармашылық нөмір болды. Олардың өнері заманауи мұғалімнің тек тәлімгер ғана емес, сонымен қатар бастамашыл, шабыттандырушы тұлға екенін дәлелдеді.
Іс-шара соңында онкүндік қатысушылары марапатталды:
Әдістемелік шеберлігі үшін 1, 2 және 3-орын иегерлеріне грамоталар табысталды;
Белсенділігі мен шығармашылығы үшін арнайы номинациялар берілді.
Мектеп әкімшілігі мен әріптестер жас мұғалімдердің дайындық деңгейін жоғары бағалады. «Jas maman – 2026» онкүндігі мектебіміздің жас мамандарының заманауи білім беруді дамытуға қажетті әлеуеті бар екенін көрсетті.