«Ақмола облысы білім басқармасының
Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының №2
жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
11.02.2026
Ағымдағы жылдың 9 ақпанында «Жақсы ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де жоғары сынып оқушылары үшін маңызды профилактикалық көрсетілім ұйымдастырылды. Шара «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы және «Адал азамат» тұжырымдамасы аясында өтті.
Жақсы ауданының білім бөлімінің хатына сәйкес, ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Ішкі істер министрлігі бірлесіп дайындаған «Кітап бетбелгілері емес» және «Хулиганка» қысқаметражды деректі фильмдері 9–11 сынып оқушыларының назарына ұсынылды.
Көрсетілімнің негізгі мақсаттары:
Құқықтық сананы қалыптастыру: оқушыларға заңды білу мен сақтаудың маңыздылығын түсіндіру.
Қылмыстың алдын алу: есірткі қылмысы, буллинг және агрессияның ауыр зардаптарын нақты мысалдар арқылы көрсету.
Жауапкершілікті арттыру: заң алдындағы жауапкершілікті сезіну және дұрыс өмірлік таңдау жасауға баулу.
Бұл фильмдер оқушыларға терең ой салып, құқық бұзушылыққа төзбеушілік мәдениетін нығайтуға және жасөспірімдер арасындағы жағымсыз әлеуметтік құбылыстардың алдын алуға ықпал етті.