«Ақмола облысы білім басқармасының

Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының №2

жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне

Жақсы ауылының № 2 ЖББМ-де ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу

20.03.2026

Жақсы ауылының № 2 ЖББМ-де ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау жұмыстары жүйелі жолға қойылған

«Жақсы ауылының № 2 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де ерекше білім беру қажеттіліктері бар (ЕБҚ) балаларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету бойынша жүйелі жұмыс ұйымдастырылған. Қазіргі уақытта 28 оқушыға қолдау көрсетілуде.

Балаларға сапалы қолдау көрсету мақсатында мектепте келесі мамандардан құралған сүйемелдеу тобы жұмыс істейді:

  • мұғалім-дефектолог;

  • мұғалім-логопед;

  • педагог-психолог.

Мамандар әр баланың білім алу қажеттіліктерін ескере отырып, түзету-дамыту сабақтарының кестесін құрып, бекітті. Сабақтар тұрақты негізде жеке және топтық нысандарда өткізіледі.

Сүйемелдеу аясында оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамытуға, сөйлеу бұзылыстарын түзетуге, қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға және әлеуметтік бейімделуін арттыруға бағытталған түзету-дамыту жұмыстары жүргізіледі.

Сонымен қатар, педагогтар мен ата-аналардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін арттыру және ЕБҚ бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуге қолайлы жағдай жасау мақсатында түсіндірме және кеңес беру жұмыстары жүргізіліп тұрады.

Мамандардың жұмысы педагогикалық ұжыммен және ата-аналармен тығыз байланыста жүзеге асырылады, бұл әр балаға жеке тәсілді тиімді іске асыруға мүмкіндік береді.

Просмотров: 738


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети


«    Сәуір 2026    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

Ұйымдар тізімі
Текст