«Ақмола облысы білім басқармасының

Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының №2

жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне

2026-2027 оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау: ата-аналарға арналған ақпарат

27.03.2026

Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары!

2026 жылдың 10 маусым бастап «Жақсы ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдауды бастайды. Өтінімдерді қабылдау электронды форматта жүзеге асырылады.

Құжаттарды қалай тапсыруға болады?

Өтінімдер egov.kz электрондық үкімет веб-порталы арқылы беріледі. Заңды өкілдер келесі құжаттарды дайындауы қажет:

  • Заңды өкілдерден өтініш (порталда толтырылады);

  • Баланың көлемі 3х4 см сандық фотосуреті;

  • № 052-2/у нысанындағы медициналық анықтама («Баланың денсаулық паспорты»);

  • № 065/у нысанындағы медициналық анықтама («Профилактикалық егу картасы» — мәліметтер ҚР ДСМ сервисінен автоматты түрде алынады);

  • ПМПК қорытындысы (қажет болған жағдайда).

Мерзімі мен жұмыс кестесі

  • Қабылдау кезеңі: 2026 жылғы 10 маусым мен 31 тамыз аралығында.

  • Кесте: Дүйсенбі — Жұма (демалыс және мереке күндерін қоспағанда).

Құрметті ата-аналар, құжат тапсыруды соңғы күндерге қалдырмай, баланың мектепке қабылдануын алдын ала қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз.

Просмотров: 435


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети


«    Сәуір 2026    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

Ұйымдар тізімі
Текст