«Ақмола облысы білім басқармасының
Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының №2
жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
01.04.2026
«Жақсы ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де көктемгі демалыс ерекше әрі танымды өтті. Мектеп кітапханашысы Л.М. Бекбергенованың бастамасымен оқушыларға арнап «Кітаппен келген көктем» атты арнайы гайдбук (жол көрсеткіш) әзірленді. Бұл жоба балалардың бос уақытын тиімді өткізіп, әлем әдебиетінің жауһарларымен танысуына жол ашты.
Оқушылар тек кітап оқып қана қоймай, шығармашылық тапсырмалар орындап, өз әсерлерімен бөлісті:
Шайкен Амина (10-сынып): Бауржан Момышұлының «Ұшқан ұя» («Наша семья») кітабын оқып, ұлы тұлғаның өмірі мен тәрбиесі туралы терең ой толғады.
Гучева Александра (7-сынып): Жюль Верннің «Әлемді 80 күнде шарлау» шығармасы арқылы қиялға қанат бітіріп, шытырман оқиғалар әлеміне саяхат жасады.
Жанелова Эльмира (4-сынып): Ағайынды Гриммдердің «Орман үйшігі» ертегісін оқып, оқиғаның ең қызықты сәттерін сурет арқылы бейнеледі.
Таипова Камила (4-сынып) және Авхадиева Адэлина (3-сынып): Өздері оқыған хикаяларды құрбыларына қызықты етіп айтып беріп, баршаны кітап оқуға шақырды.
Тимурашева Галина (7 «В» сынып): Өз таңдауы бойынша оқыған кітабынан алған әсерімен бөлісіп, гайдбуктың пайдасын атап өтті.
Кітап – білім бұлағы, ал көктемгі оқу – жаңа белестерге жол! Барлық белсенді оқушыларымызға рахмет айтамыз!