«Ақмола облысы білім басқармасының
Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының №2
жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Әр түрлі оқу орындары оқушыларының шығармашылық байланыстарын орнату ,оқытушылардың ғылыми және педагогикалық ынтымақтастығын нығайту шеңберінде "№2 Жақсы орта мектебі"КММ оқушылары алғаш рет 1867-1868 жж.император Мэйдзи реформасына арналған" Мэйдзи революциясы және оның индустриалды өркениеттің қазіргі азиялық моделінің қалыптасуына қосқан үлесі" атты халықаралық қатысумен оқушылар мен студенттердің сырттай ғылыми-практикалық конференциясына қатысты, соның нәтижесінде Жапония әлемнің ұлы державасына айналды.
Конференция Астана қаласының Халықаралық Лингвистикалық колледжі Астанадағы Жапония Елшілігінің қолдауымен өткізілді.
Конференцияның мақсаты:
-оқушыларды Жапонияның тарихымен, мәдениетімен, император Мэйдзи реформаларының мәнімен, жапон-Қазақстан қарым-қатынастарының тарихымен таныстыру.
Конференцияның Міндеттері:
- жапон және Қазақстан халықтары арасындағы достықты нығайту;
- Жапонияның тарихы мен мәдениетімен танысу;
- ғылыми білімді насихаттау;
- зерттеу жұмысының дағдыларын қалыптастыру, ғылыми шығармашылыққа баулу;
- зерттеу қызметінің нәтижелерін апробациялау;