«Ақмола облысы білім басқармасының
Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының №2
жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
«Мы
памяти этой верны» аудандық қойылымдық ән
байқауы
2017 жылдың 9 мамыр күні Жақсы ауылының орталық алаңында
«Жақсы ауанының Ішкі саясат бөлімі»
жанындағы Жастар ресурс орталығының ұйымдастыруымен «Мы памяти этой верны»
қойылымды ән байқауы өтті. Аталмыш шараға ауданымыздың 6 мекемесі, атап айтсақ
Жақсы ауданының Қорғаныс бөлімі, Аудандық аурухана, Әлеуметтік қорғау, №1 Жақсы
орта мектебі, №2 Жақсы орта мектебі және аудандық Мәдениет үйі қатысты.
Әділ қазылардың шешімі бойынша мектебіміздің намысын
қорғаған оқушылар «Синий платочек» әнін орындап 1 орынды ұтып алды.
Қатысқан барлық үміткерлер бағалы сыйлықтар мен алғыс
хаттармен марапатталды.