«Ақмола облысы білім басқармасының
Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының №2
жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
«Жыл тәлімгері» байқауы
2017 жылдың 4 мамыр
күні №2 Жақсы орта мектебі базасында аудандық «Жыл тәлімгері» байқауы
өткізілді.
Байқаудың мақсаты
тәлімгерлердің кәсіби шеберлігінің деңгейін көтеру, өзара тәжірибе
алмасу, оған үлгілілерді насихаттау болды.
Аталмыш шарада мектебіміздің намысын
қорғаған жас тәлімгеріміз Селезнева Л.В. өз өнерін көрермендерге паш етіп,
қарсыластарынан кем түспеді. Байқау қорытындысы бойынша Селезнева Л.В. «Ең
үздік бейнебаян» номинациясын ұтып алды. Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз.
Алдағы уақытта шығармашылық табыс, биік шыңдардан көріне
беруіне тілектеспіз.
Тәрбие
ісі бойынша директор орынбасары Г.Кожебаева