«Ақмола облысы білім басқармасының
Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының №2
жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Мектепшілік ата-аналар жиналысы
2017 жылдың 18 сәуір күні
мектепшілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Күн тәртібіне қойылған сұрақтар:
1. Оқу жылының аяқталуы туралы.
Баяндамашы – оқу ісі бойынша директор орынбасары Рябокон И.В.
2. 2017-2018 оқу жылына арналған
бірегей киім үлгісі және 3 мәселе – түрлі сұрақтар.
И.В.Рябокон 3 тоқсанның қорытындысы бойынша
баяндама оқып, алдағы ҰБТ мәселесі бойынша сөз қозғады.
Екінші мәселе бойынша Солтүстік
Қазақстаннан келген «Sens Fasion» компаниясы өз киім үлгілерін ұсынып, прайс
листтерімен таныстырды. Жиналыстың шешімі бойынша келесі оқу жылына бірегей
киім үлгісіне тапсырыс берілетін болды.
Түрлі сұрақтар кезеңінде мектеп
директоры Б.Байкенова ЭКСПО – 2017 халықаралық көрмесі жайлы, жазғы демалыс,
кәсіби бағадар және т.б. сұрақтар
бойынша сөз қозғады.