«Ақмола облысы білім басқармасының

Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының №2

жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне

Кітапханаға кітап сыйла» акциясы

21.02.2020

   Ағымдағы жылдың 12 –ақпанынан бастап «Кітапханаға кітап сыйла»  акциясы өз жұмысына кірісті.  Хабарландырулар барлық этаждарға ілініп, кітапханашылар мен сынып жетекшілер берілген акцияның маңыздылығы туралы оқушылармен әңгіме жүргізді.

Қазіргі таңда кейбір  оқушылардың әр түрлі жанрдағы  кітаптарды және одан да басқа оқулықтарды сатып алып оқуға мүмкіндіктері жоқ.

Біздің үндеуімізге копшілігі бей-жай  қарамай, өтеусіз қолданысқа 22 кітап тапсырды. 7 «А» сыныбының оқушысы Қуанышпаева Маржан  әкесімен бірге мектеп кітапханасына  25 кітапты сыйға тартты. Бұл шетел жазушылары мен қазақ тіліндегі  І.Есенберлин, Б.Жандарбеков, М.Әуезов, Ә.Нұрпеисов жазушыларының әдеби туындылары болатын.

Осы оқулықтарды оқи отырып, мектеп оқушылары интеллектуалдық білім қорларын толықтыра алады.

Мектеп кітапханасына көркем әдебиеттерді сыйға тарту оқушыларымыз арасындағы дәстүрге айналады деген сенімдеміз.

Акцияға қатысушылардың барлығына алғысымыз шексіз! 

 

Просмотров: 285


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст